Іздеулердің бәрі лабиринттегі жүріс секілді тұйыққа тірелді. Іздеу Дэн Браунның романының желісін еске салды, бірақ бір ерекшелігі – кездейсоқ жайттар ешқандай ілік тудырмады. Айлар өтсе де, біз суретшінің бар-жоғын да біле алмадық.
«Арман» кинотеатрының жоба авторы сәулетші Александр Коржемпо бір әңгімесінде Алматыға дейін Константиновпен бірге Фрунзеде – қазіргі Бішкекте жұмыс істегенін айтқан еді. Сондықтан енді Қырғызстан астанасына бармаса болмайтыны түсінікті болды. Бірақ Әділжан мен Давид онда суретшінің бірнеше жұмысын ғана тапты, қалған жұмыстары уақыт пен ғимарат иелерінің құрбаны болған (
Константиновтың тілін іздеу-ді қараңыз).
Сонымен іздеу аяқталып, суретші бейнесі беймәлім қалпында қалғандай болған еді. Бірақ 2019 жылдың ақпан айының басында команда мүшесі арт-куратор Ділда Рамазан күтпеген жерден досы жас суретші Леонид Ханның 2011 жылы Виктор Константиновтың портретін салғанын біледі.
Біз Леонидпен «Арман» кинотеатрында кездесіп, Виктор Иннокентьевичтің өз портретін көрмей тұрып қайтыс болғанын естідік.
Суретшілердің бұл жобасы Ардагерлер кеңесімен келісіп жасалған екен, мақсат тірі қалған ардагерлердің портреттерін салу болыпты. «Кейбір ардагерлерді студияға алып келдік, олармен сөйлестік, суреттемелер жасадық. Константинов денсаулығына байланысты келе алмайтын болғандықтан, біз ол кісіге өзіміз бардық. Ауырып тұрғанына қарамай, бізге есікті өзі ашты, қабырғаға сүйеніп әзер жүреді екен. Үйде өзінен басқа төсек тартып жатқан асырап алған екінші ұлы болды, ол өз бетімен қозғала алмайды екен», - деп еске алады Леонид.