Константиновтың тілін іздеу
Суретші-монументалист Виктор Иннокентьевич Константиновтың жұмыстары
Виктор Константинов Ресейдің Иркутск облысының түпкірінде дүниеге келген, соғысқа қатысып, тек 32 жасында Ленинградтың ең көрнекті оқу орындарының бірінде суретшілік білім алған.
Бішкек
Кең экранды кинотеатр «Ала-Тоо» 1938 жылы ашылған. Ғимарат сәулетші В.Калмыковтың жобасы бойынша салынған. Кинотеатрда 512 орындық және 280 орындық 2 зал бар. Ғимараттың қасбеті 1963 жылы жасалған керамика панно-рельефтермен әсемделген. Мүсіншілер – В.Константинов, А.Воронин, С.Бакашев, А.Каменский, В.Хабибулин. Панно Қырғызстанның Ресей құрамына енуіне 100 жыл толуына арналған.
Фотография: Дэнис Кин
Фотография: Ділда Құлмағамбетова
Фотография: Дэнис Кин
Панно жеті бөлімді композициядан – 1 х 2,5 метрлік жекелеген 6 бөліктен және 2,5 х 2,5 метрлік ортаңғы бөліктен – тұрады. Бөліктердің бірінде «Киргизия – Россия» деген жазу көрінеді, келесісінде «1863-1963 гг.» деп жазылған. Басқаларында Кеңестік республикалардың еңбек, ғарыш, білім және бейбітшілікті сақтау сынды жетістіктерін көрсететін ғарышкер, орақ пен балға, көгершін ұстаған адам, композицияның ортаңғы бөлігінде бидай сабағын ұстаған әйел, артқы көрінісінде кітап оқып отырған екі әйел мен ер адам бейнеленген.

Кинотеатр Ала-Тоо – Бішкек қаласындағы кинотеатрлардың ең ежелгісі және әйгілісі. Ол Қырғызстан Республикасының мәдениет ескерткіші болып табылады.

Фотография: Ділда Құлмағамбетова
Алматыға Бішкектен (ол кездегі Фрунзе) көшіп келген, онда да монументалды өнер нысандарын жасаған.
Алматы
Алматыда тұрған жылдары Виктор Иннокентьевич ғимарат қасбеттерінде және жекелеген композициялар түрінде көптеген еңбектер қалдырған. Бұл жерде біз ол кісінің тек әйгілі жұмыстарын ғана жариялап отырмыз.