Манифест
|
Біз бұл шытырман оқиғаны Алматының «Арман» кинотеатрына тарихи дәуір алмасу кезінде жойылған қасбетінің бір бөлшегі – бірегей сюжеттік суреті бар, шатыр периметрін жиектей орнатылған, металдан құйылған сәндік «тәжін» қайтару жобасы ретінде ойластырған едік. Бұл істе бізге сәулет өнерінің мұраларын оларды жасаған шеберлердің түпнұсқалық ойлары ретінде сақтап қалу идеясы жігер берді.
Біздің жоба-зерттеуіміз не авторлық сызбалары, не толық суреті қалмаған «тәждің» жоғалған бейнесін біртіндеп қалпына келтірді.
Біз кинотеатр жобасының бас сәулетшісі мен ескерткіштерді қорғау саласының сарапшыларымен ұдайы кеңесе отырып, өз ісіне берілген және кәсіпқой мамандардан тұратын халықаралық команда құрдық. Бір жылдай уақытқа созылған және географиялық тұрғыдан Алматы мен Қазақстан аумағынан шығып кеткен жоба барысында біздің талпынысымыз көптеген қарсылықтарға кезікті, ал жобаның өзі басында қойылмаған сұрақтарға жауап іздеуге себеп болды.

Заманында маңызды болған сәулет өнерінің нысандары бұрынғы идеологияны жоққа шығару үдерісін қалай бастан кешуде? Қоғамдық ғимараттар өз қызметтерін экономикалық парадигмалардың түбегейлі алмасуының әсерінен қалай өзгертуде? Дәуірі өзгерістер кезеңіне сай келген сәулет өнерінің шынайы барабарлығы ретінде нені тану керек – оның бастапқы бейнесін бе, әлде қатталған тарихи қатпарларын ба?

Біздің жоба-зерттеуіміз не авторлық сызбалары, не толық суреті қалмаған «тәждің» жоғалған бейнесін біртіндеп қалпына келтірді. Бұл күрделі үдеріс бізге мұраларды қалпына келтіру мәселесімен айналысқысы келетін сәулетшілер мен энтузиастар іс-әрекеттері үшін жинаған құнды тәжірибе болды.

Тәж бөлшегі
Сондай-ақ біздің команда кинотеатрдың өткенін тарихтың құбылмалы мәнмәтінінде зерттеп, мұрағаттардан бұрын белгісіз болған кадрлар, құжаттар мен деректерді тапты. Біз «Арманның» ғимарат, кинотеатр және қоғамдық кеңістік ретіндегі өмірлік кезеңдеріне антропологиялық талдау жасауға тырыстық. Жоба барысында «тәж» авторы суретші Константинов туралы ақпарат іздеу жұмысы біздің жеке бір міндетімізге айналды және ол жұмыс оңайға соққан жоқ.

Бұл сәулет нысанының қасбеттері мен интерьерлерінде ғарышты игеру дәуірінің арманшылдарының рухы сақталған. Және де ол рух күрделі қоғамдық өзгерістер барысында, тіпті ғимараттың өзі құрылымдық өзгерістерге ұшыраған жылдарда да жоғалған жоқ.

Соңғы жылдары «Арманның» өзін және атмосферасын оның бойында өзгеріс жылдарында пайда болған артық дүниелерден тазарту мақсатында талпыныстар жасалды. Кіреберіс бастапқы қалпына келтірілді, асығыс және ойланбай алынып тасталған интерьерлер де қалпына келіп жатыр. Сонымен қатар жаңа уақыт ғимаратқа жаңа қызметтер жүктеп, тым басқыншыл сипатта болмаса да оның бейнесін өзгертуде. «Арманның» жарты ғасырлық тарихында Қазақстанның, оның ішінде Алматының да жарты ғасырлық тарихы өзінше көрініс табады.
Біз жауаптарын монополияландырғымыз келмейтін сұрақтар қойғымыз келеді
Біз «тәждің» бастапқы бейнесін қалпына келтірдік, бірақ біздің жобамыздың мәні көркемдік қалпына келтірудің аясынан шығып кетті. Біз жауаптарын монополияландырғымыз келмейтін сұрақтар қойғымыз келеді. Бұл терең идеологиялық кеңестік монументализмнің бұл үлгісінің пайда болуы мен шаблонсыз, күрделі эстетикалық әшекей түріндегі оның жойылу тарихы ұдайы жаңа сұрақтарға түрткі болуда.

Болған жағдай қалай болды? «Тәж» неліктен пайда болуға тиіс болды да, кейін із-түзсіз жоғалды? Мүмкін, оның қазіргі жоқтығы біздің жадымыздың бір бөлігінің жоқ болуы шығар? Немесе ол енді мүлдем қажет те емес шығар – не өзінің бастапқы қалпында керек емес шығар?

Біз әріптестеріміз бен қарапайым алматылықтар бастаған сәулет өнерінің мұралары туралы пікірталасты өткенмен татуласу, қоғамдағы және сәулет өнеріндегі прогрессизм туралы, есте сақтау құқығы мен тоталитаризмді романтизациялау туралы сұрақтармен жалғастырғымыз келеді. Сәулетті өнерін зерттеу арқылы тарихқа қалай қатынасатынымызды ұқсақ, бәлкім, біз өткенге деген көзқарасымызды түсінерміз.
Жоба командасы
Ерекше алғыс
Дэнис Кин
зерттеуші
Василий Сорокин
Фотограф
Әділ Назаров
сәулетші көмекшісі
Наргиз Шүкенова
Тең автор «Арман Алма-Ата. Іске қосу»
Дастан Бисенов
Тең автор «Арман Алма-Ата. Іске қосу»
Айдар Найзагарин
Диджей, промоутер