«Арман Алма-Ата» жобасына ең басынан бастап «Арман» кинотеатры, Қазақстандағы British Council, Алматы қаласының тарихы мұражайы, ҚР Мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты, ҚР Орталық Мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар мұрағаты, Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы,
Қазақстан Гёте-Институты, Étage, Nedelka кафесі, Mergen, Forbes, Арсен Рысдаулетов, Ақмарал Зықаева, Данияр Сүлейменов, Сәуле Иманова қолдау көрсетті.
2018 жылы жоба тарихындағы жаңа бір тарау басталды, «Urban Forum Kazakhstan» ҚҚ бір кезде «Арман» кинотеатр ғимаратының «басында» тұрып, жоғалып кеткен тәжін іздеуге бағытталған зерттеу жұмысын қолға алды. Бұл бастамаға Қазақстан Гёте-Институты қолдау көрсетті.